Атырауда адамдар мінген лифт құлады

Атырауда адамдар мінген лифт құлады
Атырау әкімдігі

Атырауда ішінде адамдары бар лифт құлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайында орналасқан "Гранд Атырау" тұрғын үй кешенінің Б блогында лифт үшінші қабаттан құлаған.

"Оқиға кезінде лифт ішінде 4 адам болған. Үш тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексерістен өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық. Бір тұрғын медициналық көмектен бас тартты", - деп жазылған хабарламада.

Атырау әкімі Данияр Таханов оқиға орнына арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен сөйлескен. 

Қала әкімі жауапты қызметтерге жағдайды шұғыл анықтауды, сондай-ақ, қаладағы барлық лифттің техникалық жағдайына толық тексеріс жүргізіп, олардың қауіпсіздік деңгейін бағалауды тапсырған.