Теракттен кейін 25 жыл өткен соң Нью-Йоркте 2 World Trade Center құрылысы басталды

Теракттен кейін 25 жыл өткен соң Нью-Йоркте 2 World Trade Center құрылысы басталды
Bloomberg

Нью-Йоркте 11 қыркүйектегі терактіден кейін 25 жыл өткен соң 2 World Trade Center құрылысы басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

American Express компаниясы Дүниежүзілік сауда орталығының қираған егіз мұнараларының орнына салынатын коммерциялық ғимарат - 2 World Trade Center зәулім ғимаратының құрылысын ресми түрде бастады.

Биіктігі 374 метр болатын 55 қабатты ғимарат American Express компаниясының жаңа жаһандық штаб-пәтеріне айналады. Құрылысты 2031 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Нью-Йорк мэрі Зоран Мамданидің айтуынша, жоба шамамен 3200 жұмыс орнын ашып, қала экономикасына 6 млрд доллар көлемінде пайда әкеледі.