Теңіздегі мұнай өндіру ақпан айына дейін тоқтауы мүмкін

Көркем Алдабергенова 21 қаң. 2026 11:18

18 қаңтарда болған апаттан кейін Теңіз кен орнындағы мұнай өндіруді қалпына келтіру жұмыстары 7–10 тәулікке созылуы ықтимал, деп хабарлайды Dalanews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан кен орнын игеруші оператор жалпы көлемі шамамен 600–700 мың тонна болатын мұнайдың бес экспорттық партиясын жеткізуден бас тартқан. Аталған көлемдер қаңтар және ақпан айларында Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтілуі тиіс болған.

Ақпаратқа қарағанда, «Теңізшевройл» компаниясы өндірісті кемінде осы апта соңына дейін тоқтатуы мүмкін. Алайда жағдайдың күрделілігіне байланысты үдеріс ақпан айына дейін созылуы да ықтимал.

Еске салайық, бұған дейін Теңіз және Королев кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылғаны хабарланған болатын. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясы растады. Компания мәліметінше, шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің бір бөлігіне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған.

Сондай-ақ, компания мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын, болған жағдайдың салдарын барынша азайтуға күш салынатынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove