Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясы растады.
Компания мәліметінше, шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің бір бөлігіне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған.
"Зардап шеккендер жоқ, ал қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. Компанияның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат - туындаған жағдайды қауіпсіз түрде жою", - деді компания өкілдері.
Сондай-ақ, компания мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын, болған жағдайдың салдарын барынша азайтуға күш салынатынын атап өтті.
Компания өкілдерінің айтуынша, Теңіз кен орны мен барлық өндіріс нысаны қауіпсіз күйде және сенімді қорғауда.
Айта кетейік, 18 қаңтарда таңертең Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шыққан болатын.
