Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау ТШО үшін басты міндет болып қала бермек, қазіргі таңда ТШО-ның 90-тен астам қызметкері вакцина алды. Сонымен қатар, компания Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компанияның және мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне сатып алу мүмкіндігінқарастыруда.
Осы ретте, ТШО өз қызметкерлері арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19-дың одан әрі таралауына жол бермеуге бағытталған ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді.
– Вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдықиммунитетқалыптастыру. Бүкіл әлем коронавируспен күрестегі жалғыз қару вакцина екенін түсінді, сондықтан бәріңізді екпе алуға шақырамын, – дейді ТШО клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбеков.
Вакциналау – COVID-19-дан қорғанудың маңызды құралы және ТШО қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі, және де бұл осы аймақ пен Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі үлесін қосады.
Қазіргі уақытта компания өз қызметін Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асыруда және де мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда.
ТШО үшін аймаққа, сонымен қатар бүкіл Қазақстанға әрі қарай пайдалы болу үшін үздіксіз өндірісті жалғастыру және Келешек кеңею жобасының – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды.
– Мен үнемі медицина жаңалықтарын бақылап отырамын және жалпы вакциналар, соның ішінде Sputnik V вакцинасының қалай әзірленетінін көрдім. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Sputnik V вакцинасы ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Вакциналаусыз біздің өміріміз әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан мен аталған вакцинаның екі компонентін алдым және өзімді жақсы сезінудемін, – деді ТШО өрт және апатты тойтару қызметінің медициналық үйлестірушісі Руслан Жалғазин.