Теңге бағамы мен мұнай бағасына қатысты болжам тағы өзгерді

Dalanews 23 ақп. 2016 21:22 709



Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңаланған болжам бойынша, мұнайдың баррелі 30 доллар, доллар бағамы 360 теңге болған жағдайда, ЖІӨ биылғы өсімі 0,5 пайыз деңгейінде болатыны болжанғанын мәлімдеді.





Үкімет отырысынан соң Досаев мұнайдың орташы жылдық бағасын «халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің мұнай баррелін 40 тан 30 доллар аралығында» болжауына байланысты төмендеткендерін, ал доллардың айырбас бағамы былтырғы қарашада бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге өскенін хабарлады. «Біз бәрібір жақсы аймақта тұрмыз», — деді ұлттық экономика министрі.

Министр сонымен бірге, Қазақстандағы индустриалды-инновациялық жобалар республика бюджетінің мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылатынын, осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны тексеру наурыз айында аяқталатынын мәлімдеді.

Досаевтың сөзінше, қазақстандық экономика "жаңа кезеңге аяқ басқандықтан", үкімет ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық жаңа жоспарын әзірлемек.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар