Теміржолда жасалған ұрлықтың кесірінен үлкен апат бола жаздаған

Көркем Алдабергенова 04 қар. 2024 14:42 2673

Белгісіз біреулер теміржолының жоғарғы құрылымы материалдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақстан темір жолының баспасөз қызметіне сілтеп.

Компания мәліметінше, бұл вагондардың апатқа ұшырауына әкелуі мүмкін еді.

3 қарашада Отар – Шилібастау аралығында теміржолшылар SKL-14 бекіту жолының жоғарғы құрылымының материалдарын (бұрандалар, бұрышты бағыттаушы, серпімді клемдер) ұрлануын анықтады.

Алдын ала есептеулер бойынша, белгісіз біреулер 2745 данасын ұрлаған.  

Бұл темір жолда үлкен апатқа, вагондардың рельстен шығып кетуіне әкелуі мүмкін еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар