Телефонмен былапыт сөз айтқан ақтөбелік 130 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Көркем Алдабергенова 03 ақп. 2026 12:36

Телефонмен былапыт сөз айтқан ақтөбелік 130 мың теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны «103» қызметінің диспетчерімен сөйлесу кезінде балағат сөздер қолданған. Соның салдарынан ол медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде құрметсіздік танытқаны үшін сотқа тартылды.

Ер адамға 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қаупі төнген. Алайда сот оның кәмелетке толмаған балалары барын, жасаған әрекетіне өкініш білдіргенін және диспетчердің оны кешіргенін ескерді.

Нәтижесінде сот қамау жазасының орнына 129 750 теңге көлемінде айыппұл салумен шектелді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove