"Телефон жөндетемін деп кеткен". Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 05 қаң. 2026 11:44

Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда 14 жастағы жасөспірім Тигран Шибаевты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 30 желтоқсанда үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

2011 жылы туған Тигран Шибаев сол күні Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндету үшін ЦУМ бағытына бет алған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Алматы қалалық Полиция департаменті кәмелетке толмаған бала жоғалуы бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады.

Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар