Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмысына 25 адам мен 3 бірлік арнайы техника тартылған. Амфитеатр аяқталу сатысында, дайындық деңгейі 97%.
– Бұл жер тұрғындар үшін сүйікті орындардың біріне айналады, болашақта мұнда тұрғындардың бос уақыты үшін іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз. Бөлінген қаражат – 158,7 млн теңге. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, – деді Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов.
«Асан М Компани» мердігерлік компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде барлық жұмыстар белсенді қарқынмен жүргізілуде, нысан бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға беріледі.