Ақпанның 26-сына қараған түні милицияның арнайы бөлімшесінің қызметкерлері 10 адамды ұстаған. Олар бүгін таңғы сағат үш кезінде Венадан оралған «Ата Мекен» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісі Омурбек Текебаевты Бішкек халықаралық әуежайында ұстаған биліктің ісіне наразылық білдірмек болған еді. Өзгелермен бірге Азаттық тілшісі Ұлан Егізбаев пен парламенттегі «Ата Мекен» фракциясы мүшесі Каныбек Иманалиевті де ұстаған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстан президентінің саяси оппоненті 58 жастағы Омурбек Текебаевты оған қатысты осыдан бір күн бұрын «алаяқтық» және «жемқорлық» баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде 48 сағатқа ұстаған. Бүгін Бішкекте және Қырғызстанның оңтүстігінде Текебаевты қолдау акциялары өтті.
Азаматтық белседі Әділ Турдукуловтың Азаттыққа айтуынша, Бішкекте жиналғандарға түн қараңғысында түрлі арандату жасалуы мүмкін екенін айтып, тарауды ұсынған. Бүгін күні бойы Бішкектегі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі ғимараты алдында наразылық шеруін өткізгендер ақпанның 27-сі күні Ақ үйдің алдына қайтадан жиналмақ ниетте деп хабарлады Азаттыққа белсенді Мәулен Асқарбеков. Бұған дейін «Ата Мекен» партиясы дүйсенбі күні Ыстықкөлден Бішкекке партия өкілдері келетіні туралы хабарлаған.
Дереккөз: Азаттық