Қазақша сөйлейтін АҚШ азаматы Роки Жоунейрс Алматыдағы мейрамханалардың көбі орысша қызмет көрсеткеніне таңғалды, - деп хабарлайды Dalanews.kzQaz365.kz - ке сілтеп.
Айтуынша, бірнеше мейрамханаға жолы түскен. Алайда басым бөлігі тек орыс тілінде қызмет көрсеткен.
“Осы аптада мен Алматыда болдым. Көп мейрамхана мен кафелерге бардым. Әр жерде, әр мейрамханада тек қазақ тілінде сөйледім. Жалпы қазақ тілінде сөйлеймін. Бірақ 18 мейрамхананың тек бесеуі ғана менімен қазақ тілінде сөйледі”, - дейді ол.
Шетелдік азамат солай дей келе өзіне қазақ және орыс тілінде қызмет көрсеткен мейрамханалар мен кафелердің тізімін көрсетеді.
“Мейрамханалардың көбінде мен қазақ тілінде сөйлесем де олар орыс тілінде сөйлейді. Менің сөзімді анда-санда түсінбейді. Мен үш жыл бойы қазақ тілін үйрендім. Мен Қазақстан деген елде болмай, қазақ тілін үйренгенде еңбекқор болдым. Бірақ Алматыда болғанда ешкім менімен қазақ тілінде сөйлеспейді. Астанада да сондай”, - дейді ол.