Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен өткен Баға мен тарифтерді тұрақтандыру жөніндегі жедел штабтың отырысында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов айтты.
Жалпы азық-түліктің, соның ішінде әлеуметтік маңызды саналатын 19 түрлі өнім бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында сауда орындарында азық-түлік өндірушілерге орынды тегін беру, сенбі сайын азық-түлік жәрмеңкесін өткізу сияқты шаралар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында және аудан орталықтарында жалпы саны 760 жәрмеңке өткізілген. Талдықорған қаласында жергілікті кәсіпорындар «Аққұс» ЖШС-ның, «JLC Сүт» серіктестігінің, Үштөбе сүт зауытының өнімдерін делдалсыз тікелей сататын арнайы орындар мен дүкендер белгіленген.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларына «Жетісу» ӘКК-нің тұрақтандыру қоры да үлкен септігін тигізіп отыр.