Таза Қазақстан: Арыста көшелерін арнайы техника жуылып жатыр

Таза Қазақстан: Арыста көшелерін арнайы техника жуылып жатыр
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арыс қаласының тазалығын тұрақты бақылау бойынша қала басшысы Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестемен орындалып, қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде қаладағы мердігер мекеме «KhazakhReal Stroy» ЖШС тарапынан негізгі көшелер арнайы техника көмегімен жуылуда. Сондай-ақ саябақтар мен демалыс аумақтарының кіреберіс есіктері, қоршаулары қайта қалпына келтіріліп қойылып жатыр.