«Таза өлке»: Ұстаздар экологиялық науқанға қатысты

Жарбол Кентұлы 10 сәу. 2024 16:46 2573

Бүгін – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза өлке» апталығының үшінші күні. Бүгін Қонаев қаласындағы білім беру ұйымдарының, «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлері, этно-мәдени орталықтардың мүшелері (жалпы саны – 60-тан астам адам) Сидранский мен Достық көшесін жалғайтын аллеяны қоқыстан тазартты.

Науқанға қатысушылардың бірі ардагер ұстаз Бақыт Нұрмағанбетова болды.

«Қонаев қаласының тұрғыны ретінде және ардагер ұстаз ретінде оқушыларды, жалпы жұртшылықты үнемі қала тазалығын сақтауға, қоқысты даладағы арнайы жәшіктерге тастауға шақырамын. Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып, халық арасында кеңінен насихатталуы тиіс. Бүгін мен де өз үлесімді қосу үшін арнайы келдім», – деді ұстаз.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» науқаны 5 аптаға жалғасады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар