ҚазМұнайГаз 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге 350 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Nege.Aqsha мәліметінше, компанияның былтырғы таза пайдасы 1,072 трлн теңгені құраған. Соның ішінде 350 млрд теңгені дивиденд ретінде бөлу жоспарланып отыр. Ал қалған 722 млрд теңге компанияның өз қарамағында қалады.
Ұсынысқа сәйкес, бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 573,66 теңге болмақ.
Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім 2026 жылғы 29 мамырда өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданады.
Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022-2024 жылдары "ҚазМұнайГаз" жыл сайын 300 млрд теңгеден дивиденд төлеп келген.