Тайландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды

Сағыныш Сардарова 01 сәу. 2025 12:45 1195

Тайландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясында болған. Катерде барлығы 31 адам болған.

Оның ішінде қазақстандық және ресейлік туристер бар. Тайландтың туристік полициясының мәліметінше, борттағы 30 адам суға түсіп үлгерген.

Ал катерде қалып қойған бір ресейлік азаматтың аяғы күйген. Зардап шеккен адам жедел эвакуацияланып, қажет көмек көрсетілді.

Кейін туристер қонақ үйлеріне оралған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар