Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.
Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 гектар жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.
Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты – жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алуды көздеп отыр.
Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.