Мерекелік шараға қатысушылар Ордабасы аудан әкімінің орынбасары А.С. Тілеубердиев, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.А.Қорғанбаев, Ордабасы аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі К.Сатқанбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Т.Сәрсенбеков, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Ш.Сәдірмек жұртшылықты құттықтап, озат жұмыскерлер, мерейтой иелері, облыстық «Табысты менеджер – 2018» байқауының жүлдегерлері мен кәсіподақ белсенділері көтермеленіп, оларға құрмеи көрсетілді.
Сондай-ақ, «Менің елім!» шығармашыл ұстаздар байқауының жеңімпаздарына да дипломдар мен сыйақылар табыс етілді. Шығармашыл педагогтардың өнерін дәріптеп, жұртшылық алдында насихаттау үшін мерекеде олардың авторлық шығармалары орындалды.
Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары Ә.Б.Исабаев, У.У.Рахиев, аудандық мәслихат депутаты Б.Т.Тағаев және жеке кәсіпкер Н.Бекеева мерекелік құттықтау ретінде 450 кәсіподақ мүшесі мен өнер көрсеткен және сый–сияпатты ұсынған 50 бала мен олардың жетекшілеріне 500 дана «Қазақстан» шокаладын сыйлады. Мереке барысында кәсіподақ мүшелері «Болашақ ұрпақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасының және облысымызға белгілі өнер иелері мен бишілер тобының өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.