Облыстық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы осы ретте«17 қараша — Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай облыста ұйымдастырылатын мерекелік шараларға тоқталды.
«Түркістан облысының жастары үшін 14-16 қараша күндері облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім, Түркістаным – жүрегім!» aтты өңірлік жастар форумы өтеді. Сондай-ақ, республикалық «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады.
Бұдан өзге, түркі тілдес мемлекеттерінің жастары арасында Халықаралық «Түркі әлемін тоғыстырған – Түркістан!» атты жайдарман ойыны жастардың көңілін көтермек. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан, Түркіменстан, Түркия Республикаларының құрама командалары мен Қазақстанның үздік ойыншылары облыс әкімінің жүлдесі үшін сайысқа түседі», – деді Балмаржан Полатқызы.
Жастар мерекесі отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңарған Түркістан – жастар қаласы!» кешкі думанды гала-концертпен түйінділмек.
Айта кетелік, өңірдегі жастарға арналған шаралар мұнымен шектеліп қалмайды. Бұдан бұрын Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Береке Дуйсебеков ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы жастарының арасында «Түркістан жастар премиясы» байқауы өткізілетінін хабарлаған болатын.