
Ауданда ауыл шаруашылығымен қатар, өсімдік және мал шаруашылықтары қарқынды дамуда. Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 73,2%, мал шаруашылығы 26,8%-ын құрайды. Аумақтағы мал шаруашылығының басты ерекшелігі – әртараптандырылған сипатта екенін айтуға болады.
Аудан аграрлық сектардың жоғары тиімді дамуының негізі болып табылатын құнарлы қара топыраққа ие. Шығыс Қазақстан облысында дайындалатын ағаштың көп бөлігі Глубокое ауданына тиесілі.
Ел егемендігінің 30 жылдығында жоғары ғылыми әлеует қолға алынып, нәтижесінде облыс шаруашылықтары мен республиканың басқа да өңірлерін жоғары репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз ететін тұқым өсіру шаруашылықтары қалыптасты. Мұның бәрі егіншіліктің жоғары мәдениеті мен өндіріске ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу арқылы қол жеткізілді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 48,2 млрд теңгені құраған. 2021 жылы егіс алқабы 105,7 мың гектар көлемін көрсетті. Бұл 2020 жылмен салсытрғанда 3,2%-ға артық.
2021 жылы аграршылар 3 млрд теңгеден астам сомаға 86 бірлік техника сатып алғанын да айта кетуіміз керек.
2021 жылдың 10 айында аудан аграршылары 1 млрд 945 млн теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шараларын алды. Бұл ел тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен өкілдері әлеуметтік салаға етене араласып, жауапкершілік қалыптастырып, жерлестеріне қолұшын созуға даяр. Бұл өңірдің АӨК дамуының оң серпінін көрсетеді.