Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Талдықорғанда 4500 нәрестенің туу туралы куәліктерін тапысырылды

Dalanews 06 жел. 2021 08:27 656

Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы  Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру екенін және Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болуы керек» екенін атап өткен болатын.

Жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушыларға сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында «Оpen Тaldykorgan» әлеуметтік сала және азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерін көрсететін орталық ашылды.

Жалпы,Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты 11 мемлекеттік мекеме                      63 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді. 2021 жылдың ІІІ тоқсанына 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Қазіргі уақытта қала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен көрсетілуде (32 165 қызмет немесе 80,3%).

Сонымен қатар, электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала бойынша 48 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет етуде.

Ел тарихында елеулі мереке Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласында дүниеге келген 4500 нәрестенің мәліметтері азаматтық хал актілерінің жазбаларына тіркеліп, туу туралы куәлігі берілді.

Қазіргі таңда бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 22 түрін, яғни 90% электронды түрде www.egov.kz «Электронды үкімет» веб порталы арқылы үйден шықпай ақ алу мүмкіндігі бар. Ол үшін мемлекеттік қызметті  электрондық түрде алу үшін – әрбір азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба алып, «Электронды үкімет» веб-порталына тіркелу қажет.

Айта кету керек, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап мүгедектігі бар тұлғаларға арналған оңалту бағдарламасының негізінде гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық жолдамалармен, тифлоқұралдар мен сурдоқұралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, қол арбамен,  жүріп тұруы қиын 1 топтағы мүгедекке жеке көмекшінің қызметімен және мүгедекке ымдау тілі маманының қызметімен «Әлеуметтік қызметтер» Порталы арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар