Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны

Dalanews 13 жел. 2018 05:27 1984

13 желтоқсан күні Келес аудандық Мәдениет үйінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасның Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны, жасұрпағы – болашағы қыраны» атты салтанатты жиын өтті.

Еліміздің Әнұранымен бастау алған салтанатты жиынға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков бастаған аудан активі және аудандық мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, сондай-ақ аудан халқы қатысты.

Салтанатты жиынды ашып беру, Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау және марапаттау үшін аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлына сөз берілді.

– Желтоқсаннан бастау алған тәуелсіздік елдің алыс арманына жеткізді. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетімізбен ауданымыздың қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Елбасымыздың сарабдал саясатының, ауылға, жастарға деген бағдарламаларының арқасында қаншама игі істер атқарылуда. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгілік болсын! Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын, – деп сөзін аяқтады.

Сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хатымен қоғамға еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Келесі сөз тізгінін алған аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков:

– Тәуелсіз мемлекетіміз, көк туымыз, картадан ойып алар орнымыз бар. Бұл қуаныш қазақ елі үшін оңай келе салған жоқ. Сондықтан біздер осындай тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызға қуанып, талмай еңбек етіп, еліміздің жарқын болашағы үшін бір ел болып жұмыла жұмыс атқаруымыз тиіс. Мерекелеріңіз құтты болсын, елімізде тек бейбітшілік болсын, – деп ақ тілегін білдірді. Салтанатты жиын соңы аудандық Мәдениет үйінің шағын концертіне ұласты.

 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар