Іс-шараның мақсаты-«Алтын адам» экспонатымен танысып көру арқылы ұлттық құндылықтарымыздың тарихы өте тереңнен екенін түсініп, зерттеп, зерделеп, әрі қарай жерімізде өзге де көптеген тарихымыздан сыр шертетін, қазақтың ұлттық болмысы мен мәдениетін, тұрмыс-салты мен өнеркәсібін паш ететін көптеген экспонаттардың бар екенін, оны зерттеп, өзгелерге мақтаныш етіп, елін, жерін, салт-дәстүрін сүйетін ұлттық санасы биік рухани жастарды қалыптастыру.
Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір исүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл – киімнің ішіндегі адамның, оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден, сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін дәлелдегендей. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық музейге қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерге көрмелерге шығарылды.Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Болат семсеріне қарап, ғалымдар біздің дәуірімізден бұрынғы III ғасырда өмір сүрген сарматтардың көсемі деген қорытындыға келді.
Ал үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтер тобы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» б.з.б. VIIІ–VII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда, сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелуде.Тарихты білу – ұрпаққа парыз екенін жадымызда ұстау қажет.Іс-шараға қатысқан студенттер үшін қызықты әрі тағылымы мол сапар болды.Тарихы сонау ғасырға созылған ата-баба мұрасын қорғау және білу баршамызға міндет.
Даубасова С.Ш.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы