Таразда жасөспірім басқа бір жеткіншекпен төбелестен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты қаладағы білім бөлімі растады.
Информбюро мәліметінше, оқиға 1 қыркүйек күні оқу орнының аумағынан тыс жерде, бұрын бір-бірін танымайтын оқушылардың арасында болған. Жасөспірімдердің бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды.
"Қақтығыс тұрмыстық себептерге байланысты шыққан. Екі мектептің оқушылары арасындағы төбелес туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Топтық төбелес фактілері анықталған жоқ. Полиция дерегінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Білім бөлімінің мәліметінше, өңірде жастар арасындағы профилактикалық шаралар күшейтілді.