Таразда қатты желдің салдарынан балалар ойнап жүрген батут аударылып, екі бала жерге құлаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әулиеата ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жағдайдан кейін балалардың денсаулығы тексерілген. Екеуі де жарақат алмаған.
"Тексеру нәтижесінде балалардың денсаулығына зиян келмегені және жарақат алмағаны анықталды", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Қазір батутты орнатқан кәсіпкер мен көлік тұрағының иесіне қатысты әкімшілік шара қолдану мәселесі қаралып жатыр.