Таразда лицензиясыз оқытқан лицейге айыппұл салынды

Самал Асқар 10 нау. 2026 15:51

Таразда оқушыларды лицензиясыз оқытқан лицей әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dala news.

Сот мәліметінше, іс Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында қаралған. Лицей дарынды балаларға арналған білім беру ұйымы бола тұра, жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін білім беру қызметіне арналған лицензияны немесе оған қосымшаны рәсімдемеген.

Алайда соған қарамастан, 2025 жылдың қараша айынан бастап жаңа ғимаратта оқу процесі басталған.

Тексеру барысында лицензияға қосымша құжатсыз 7–11 сыныптардың 318 оқушысы (16 сынып) білім алғаны анықталған.

Сот отырысында лицей директоры әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады және кінәсін мойындады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес, лицей кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove