«Ғибрат» орталығын ашу үшін облыстық ардагерлер кеңеңсінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен ҚР Сенатының экс-депутаты Александр Савченко Ғибрат орталығының Ардагерлер үйімен қатарласа орналасуының өзіндік мәні бар екенін атап өтті.
Сонан соң орталық ішін аралап көрген қонақтарға облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жаңадан бой көтеретін 15-ші ықшам ауданның және «Шахристан» базарының орнына салынатын тарихи-мәдени кешеннің және «Тектұрмас» кесенесі орналасқан аумақтың жоспарын таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ескерткіштен бөлек бүгін қала көлемінде Жамбыл ақынның ескерткіші, облыс әкімдігінің ғимараты маңында және орталық «Достық» алаңында түрлі-түсті сазды әуен ырғағымен ойнайтын төрт субұрқақ, «Темір жол вокзалы аллеясы», Қайрат Рысқұлбеков сабағы мен батырдың ескерткіші, «Желтоқсан,86» орталығы пайдалануға берілді.
Жеңіс саябағында орналасқан «Тыл еңбеккерлеріне», «Ауған соғысының ардагерлеріне», «Чернобль апатына қатысушыларға» арналған ескерткіштер ашылады.
Сондай-ақ бүгін қаламызда «Желтоқсан толқыны» атауымен еліміздегі ең ұзын әрі мағынасы зор субұрқақ, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған, «Ғибрат» орталығы ашылмақ.
Сонымен қатар, тараздықтар «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағының ашылуын тамашалайды.
08 ИНФО