Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражат төлену дерегін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижеcінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.
"Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді. Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды", - делінген хабарламада.
Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.