Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның жаңа Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Құрметті Президент мырза, сіздің барлық ауқымды тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады. Жаңа үкімет құрамы бұған дайын. Бұл мәселелердің нақты шешіміне назар аударамыз", - деп уәде берді премьер-министр.
Еске салайық, 6 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Олжас Бектеновті Қазақстан премьер-министрі қызметіне тағайындады. Ол бұған дейін президент әкімшілігіне жетекшілік еткен.