Қазақстандықтар жедел жәрдем қайда келе жатқанын онлайн бақылай алады

Қазақстандықтар жедел жәрдем қайда келе жатқанын онлайн бақылай алады
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстандықтар енді жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын нақты уақыт режимінде бақылай алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жедел жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі шақыртуға жіберілген бригаданың қозғалысы туралы ақпаратты науқастың жақындарына немесе жедел жәрдем шақырған азаматқа көрсетеді.

Бұл жаңашылдық жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер аясында жүзеге асырылмақ. Құжатта медициналық авиацияның қатысуымен көрсетілетін жедел медициналық көмектің тәртібі де нақтыланған.

Жаңа жүйе 2026 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.