"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәлімдеді.
"Қазақ Робин Гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Алматыдан осындай хабар келді. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады", - деді ол.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Ілияс Сариев qazaq_robin_hood лақапатымен танылған.
БАҚ мәліметінше, бұған дейін "Елге көмек бер" қайырымдылық қорының басы дауға қалған. Желіде қор қаржыны мақсатсыз жұмсағаны туралы ақпарат та тараған.
Полиция пікірі
Dalanews.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдады.
"Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.