Танымал алматылық судья Жолмановаға қатысты тергеу аяқталуға жақын

Көркем Алдабергенова 12 ақп. 2025 10:10 2276

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс аясында ондаған эпизод тергеліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Бұл туралы Ulysmedia тілшісіне тек үш жәбірленушінің мүддесін қорғап отырған адвокат Радмир Өтепов айтты. Оның сөзінше, Жолмановаға қатысты 50 эпизод бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Іс аяқталуға жақын. Светлана Жолмановаға қатысты 50 эпизод тергеліп жатыр. Барлық дәлел жиналды, сараптамалар жүргізілді", – деді ол.

Еске салайық, былтыр 9 қазанда бұрын алаяқтық жасады деген судья Светлана Жолманова қайтадан ұсталған болатын.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

"Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімдерін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен.

29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар