Шымкентте №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері 20 минут ішінде төрт рет жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Шымкент қалалық Денсаулық басқармасы мәліметінше, 65 жастағы ер адам ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозын қойған. Бұл - өкпе тамырларының тромбпен бітелуі, өте қауіпті дерт.
Жансақтау бөлімінде науқастың жағдайы күрт нашарлап, 20 минут ішінде жүрегі төрт мәрте тоқтаған. Соған қарамастан, медицина қызметкерлері әр жолы дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалған.
Науқас бір айдан аса уақыт жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылған.
Дәрігерлер бұл жағдай медицина қызметкерлерінің жедел әрекеті мен кәсіби шеберлігінің арқасында сәтті аяқталғанын айтты.