Дереккөздің мәліметінше, тәліптер онда "Ансоруллах" тобының содырлары мен Душанбеде халықаралық іздеу салынған "тәжік тәліптері" жіберілген.
– Махди Арсланның 130 содыры Файзабадтан Шахрибузургқа жіберілді. Тәліптердің 70 адамнан тұратын тағы бір тобы Шугнанға жайғастырылды, – деді Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысының шекара басқармасының өкілі.
Шахрибузургда содырлардың көбейгенін Ауғанстанның бұрынғы әскери қызметкерлері де растайды.
– Бір күн бұрын Шахрибузургтағы жігіттермен сөйлестім. Олар "қонақтар" келгенін айтты. Мен кімдер деп сұрамадым. Олардың сөздеріне қарағанда, содырлар өте көп, – деді ол.
"Талибан" содырлары бір айдан бері Ауғанстанның Бадахшан провинциясында әскери жаттығу өткізіп жатқаны жөніндегі видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.