Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы такси жүргізушісі болып жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді.
"Қазақ "Есектің артын жусаң да, ақша тап" дейді ғой. Үшінші күн болды. Күн-түн демей такси болып жүрмін. Көлігім жоқ, жалға алдым. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырау керек. Бұрынғы әкім қазір такси болып жүр", - деді ол.
Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы 1 жыл 2 ай көлемінде Талғар қаласының әкімі болып, 2026 жылы ақпанда қызметінен кетті. Бұған дейін де "TikTok әкім" қызметінен босатылғанын жазған едік.
