Талдықорғанда 600 адам «Орбұлақ шайқасын» сахналайды

Dalanews 15 қаз. 2019 10:01 629

19 қазан күні Талдықорған қаласындағы ипподромда тарихи мәні зор «Орбұлақ шайқасын» сахналанбақшы. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев бұл шараны «Алтын Орда» хандығының 750 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғанын алға тартты.  

– Қала тұрғындары мен қонақтар барлық қойылымды тегін тамашалай алады. «Орбұлақ шайқасын» сахналау ісіне сол кезде қазақ және жоңғар сарбаздарының кимін киген 500-600 адам қатыспақшы.

Тарихи шайқасты сахналау ісіне актерлер мен каскадерлерден бөлек пиротехник мамандар мен өзге де техникалық қызметкерлер қатысатын болады.

Бұл шараның басты ерекшелігі ретінде елімізде мұндай тарихи шайқас мұншама ауқымды көлемде сахналанбаған. Сол себепті осы іс-шараға халық қатты қызығушылық танытып отыр.


Бізде алдағы уақытта осы іс-шараны дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз. Өздеріңізде білесіздер, Мәскеу маңында «Бородина шайқасын» орыстар айрықша әспеттеп, өткен тарихына құрмет көрсетеді. Қазақ тарихында батыр бабаларымыздың ерлігін мақтан ететін талай шайқастар болғаны белгілі. Солардың арасында «Орбұлақ шайқасының» орыны өте ерекше,  – деп Рустам Алпысбаев алдағы сенбі күні өтетін шараға түсініктеме берді.

Тарихқа көз жүгітсек, «Орбұлақ шайқасы» 1643 жылы қазіргі Жетісу жерінде орын алға шешуші шайқастардың бірі. Айтулы шайқаста Салқам Жәңгір өзінің 600 сарбазымен Жалаңтөс баһадүр көмекке келгенше, жоңғардың он мыңдаған әскеріне қарсы тұрып, соғыс өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен болатын.

Тарихшылар «Орбұлақ шайқасын» 300 спарталық жауынгердің Фермопилдегі шайқасынан бір мысқылда кем еместігін алға тартады.


Сондықтан Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырып отырған бұл шара «Рухани жаңғару» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шоқтығы биік, рухани-мәдени маңызы зор қойылым болайын деп тұр десек артық айтқандық болмас еді.

Алмыт облысында дәл осы шара 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы айсында алғаш рет ұйымдастырылғанын естеріңізге сала кетеміз. Ал бұл жолы оған қатысушылардың саны артып, шараның ауқымы кеңейіп отырғанын айта кетуіміз керек.



Нұрлан ЖҰМАХАН

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар