Зорлық дерегі бойынша күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы жалғасты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Tengrinews.kz мәліметінше, бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеген.
"Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша айыпталып жатқан К. бойынша қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр. Сот отырысы 28 наурызға белгіленді", - деп жазылған соттың баспасөз қызметі мәліметінде.
Айта кетейік, 5 наурызда Күштібаевтың денсаулығына байланысты сот отырысы кейінге қалған еді. Жедел жәрдем оны сот залынан әкетіп, аурухананың кардиология бөліміне жеткізген.
Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін сот отырысы басталғаны да айтылды.
"Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр",- деп хабарлады бұған дейін Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.