Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы бастығы зорлық дерегі үшін сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында Күштібаевқа қатысты қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 120-бабының 2-бөлігі 5-тармағы).
Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.
Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот үкімімен К. ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес К. «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.