"Талайды тәубесіне келтірген күн". Ардақ Назаров жер сілкінісінен кейін жазба жариялады

Dalanews 23 қаң. 2024 10:04 1335

Мәжіліс депутаты, спортшы Ардақ Назаров кеше түнде Алматыда болған жер сілкінісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Мәжілісмен табиғи құбылысты дінмен байланыстырды.

"Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан, тәубеңе кел", - деді ол.


Айта кетейік, 23 қаңтарда қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Дүмпу MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілді. Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны болды.

https://dalanews.kz/saraptama/98104-talaydy-taubesine-keltirgen-kun-ard

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар