Тәжікстандықтар қара нәсілді жігітті жын деп ойлаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға Тәжікстандағы Вахдат ауылында болған. Уганда азаматы түнгі уақытта үйді-үйге кіріп, тамақ іздеп жүрген. Осылайша қара нәсілді жігіт ауыл тұрғындарын шошытқан.
Кейбір деректер бойынша, угандалық азамат ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді өртеп кететін көрінеді. Алайда өртке қатысты ақпарат расталған жоқ және оны жергілікті тұрғындар ойлап тапқан болуы мүмкін.
Артынша екі жүзге жуық тәжік азаматы "жынды" іздей бастаған. Іздеу жұмыстары үш күн бойы жүрген. Жергілікті тұрғындар "жынды" ұстасақ өлтіреміз деп ойлаған.
Алайда Уганда азаматы ауылдан қашып, патрульдік-бекеттік қызметке келіп үлгерген.