Топтамаға Тәжікстан көшбасшысы Эмомали Рахмон туралы жазылған 2 256 публицистикалық және көркем шығармалар енген. Олардың ішіндегі ең көнесі 1994 жылы жарық көріпті.
Жинақты Тәжікстан Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Шариф Комилзода жасаған. " Бұл поэзия біздің ақындардың президентке адалдығы мен махаббатын көрсетеді. Бұл өлеңдер президент оқушылармен кездескенде жиі оқылады. Осы өлеңдерге артынша әндер жазылып, телевизия мен радиода орындалады.", - деді ол.
Кітаптың алғысөзінде президенттің көмекшісі, академик Абдуджаббор Рахмонзода бұл шығармаларда ұлт Көшбасшысының имиджі қалай ашылғанына баға берген.
Бұл кітап тәжік президенті туралы шығармалардың екінші жинағы боп табылады. Бірінші топтамаға президент туралы жазылған 5 мыңнан астам кітап пен Рахмонның өзінің төл туындылары жинақталған.