Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырып алды деген ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 07 ақп. 2024 17:32 2711

Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

КазТАГ мәліметінше, Бозымбаев денсаулық жағдайына байланысты жұмыста емес.

"Бозымбаев ковидке ПТР-тест тапсырды және ол оң нәтиже көрсетті. Оның әл-ауқаты жақсы", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та COVID-19 вирусын жұқтырып алған еді. Алайда төрағаның жұқпалы вирусты қалай жұқтырғаны, қайда емделіп жатыр белгісіз. Баспасөз қызметі бұл сұраққа жауап бермеген.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар