Тағы бір жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды: Күдікті ұсталды

Қаракөз Амантай 12 ақп. 2024 11:35 1670

Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде аталмыш оқиғаның видеосы пайда болды. Мұнда ер адам жанармай құю бекеттерінің бірінде жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығады.

Куәгерлердің айтуынша, кикілжің жол мәселесінен туындаған.

"Жүргізуші көлігін дұрыс қоймай, жол бергісі келмеді. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға асығып тұрған. Оқиға орны: Щучинск, Гелиос жанармай құю бекеті, 10.02.2024 жыл", - делінген видео сипаттамасында.

Көп ұзамай Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.Полиция мәліметінше, бұл жағдай қазір тексеріліп жатыр.

"Ақмола облысының Полиция департаменті Щучинск қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған ер адамды анықтады. Соталды тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ақмола облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.


Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Нәтижесінде жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар