Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Tengrinews.kz-ке растады.
Стендапер залдағы қонақтарға қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін айып тағылды.
"Сот отырысында А.И.Меркуль өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, сотқа 2024 жылғы 7 маусымдағы видеода аты аталғандар мен балағат сөздер әзіл қойылым ретінде айтылғанын атап өтті", - деп жазылған сот үкімінде.
Стендапердің ұсталғаны туралы комик Әділ Айшуақов хабарлаған.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас ұсталып, іс қозғалған болатын. Әнші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылған. Артынша Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды. Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-ден есептелді. Әнші жазасын Шымкент қалалық әкімшілік полиция басқармасында өтеп шықты.