Тағы бес ел Палестинаны мемлекет ретінде таныды

Көркем Алдабергенова 23 қыр. 2025 09:13

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен халықаралық жиында Франция, Бельгия, Люксембург, Монако және Мальта Палестинаны ресми түрде мемлекет деп мойындайтынын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Португалия да осындай шешім қабылдаған еді.

Сонымен, Палестинаны мойындаған елдердің жалпы саны 145-тен асып отыр.

Бельгия премьер-министрі Барт де Вевердің айтуынша, Палестинада президенттік және парламенттік сайлау өткеннен кейін ғана елшілік ашу мәселесі қарастырылады.

Палестина президенті Махмуд Аббас жаңа елдердің қадамын құптап, бұл шешімді қолдады.

Ал Израиль тарапы бұл әрекетке қарсы шықты. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бейнеүндеуінде Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналық мемлекет ешқашан құрылмайтынын мәлімдеді. Израиль президенті Ицхак Герцог та өз пікірін білдіріп, мұндай қадамның палестиналықтарға ешқандай пайда әкелмейтінін атап өтті.

«Бұл бірде-бір тұтқынды босатуға ықпал етпейді әрі израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы келісімге жол ашпайды», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар