Табиғи байлығы мол әлемдегі ТОП-10 мемлекет аталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеп.
Мәліметке сүйенсек, Ресей көш басында. Тізімде Қазақстан аталмаған.
1) Ресей; Көмір, табиғи газ, мұнай, алтын, ағаш, сирек кездесетін жер металдары. 75 триллион доллар.
2) АҚШ; Көмір, ағаш, табиғи газ, алтын, мыс. 45 триллион доллар.
3) Сауд Арабиясы; Мұнай. 34 триллион доллар.
4) Канада; Мұнай, уран, ағаш, табиғи газ, фосфат. 33 триллион доллар.
5) Иран; Мұнай, табиғи газ. 27 триллион доллар.
6) Қытай; Көмір, сирек кездесетін жер металдары, ағаш. 23 триллион доллар.
7) Бразилия; Алтын, уран, темір, ағаш, мұнай. 22 триллион доллар
8) Аустралия; Көмір, ағаш, мыс, темір рудасы, алтын, уран. 20 триллион доллар.
9) Ирак; Мұнай, фосфат. 16 триллион доллар.
10) Венесуэла; Темір, табиғи газ, мұнай. 14 триллион доллар.
Айта кетейік, бұған дейін Гайана Үкіметі 18 жастан асқан елдің әрбір азаматына 100 мың Гайана долларын (шамамен 480 АҚШ доллары) төлеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Осылайша кірісін халқымен бөліспек, ал мұнай шикізаты бұл елдің экономикасының жылдам әрі қарқынды дамуына серпін беріп отыр.