«Табысты отбасы» қолдау шараларынан тыс қалған халықты қамтиды

Dalanews 29 қар. 2022 06:11 858

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы бастау алуда. Осы орайда, алғашқы баспасөз мәслихаты 28 қараша күні, Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында өтті. 

«Өкінішке қарай, аз қамтылған отбасылар, жоғарыда келтіргендей, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтыла бермейді. Осы орайда «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, кейде баршамыз ойлап қалатындай, ірі қалалар мен өңірлерді қолдаумен ғана шектелмейтіні қуантады.

«Табысты отбасы» жобасы негізінен ауылда тұратын, табысы төмен отбасыларға бағытталған және бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына толық сәйкес келеді. Жобаның қарапайым сипаты қолдау шараларынан тыс қалған халық топтарын қамтудың кепілі болады», - деп таныстырды жобаның амбассадоры Айжани Нұрланова.

Жоба өкілінің айтуынша, тың жобаны бес өңірде бастау алады, оның үшеуі жаңадан құрылған облыстар - Ұлытау, Абай және Жетісу.


«Көбінесе назарымыздағы халық санаты оқудан өткеннен кейін өз ісін бастап кетіп жатпайды. Өйткені нақты жабдықтар, қажетті құралдар жоқ. Сондықтан «Табысты отбасы» аясында қатысушыларды толық сүйемелдеу, тәжірибелік тренингтер, шеберлік сыныптары қарастырылған. Бұл ретте әр қатысушыға жеке көзқарас танытылып, қажетті құрал-жабдық алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті ол.

«Табысты отбасы» жобасы келесідей құрамдас бөліктерден тұрады: тәлімгермен жеке кеңестер мен шағын топтардағы жұмыс, бейіндік оқыту, жеке өсу және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша тренингтер, оқу аяқталғаннан кейін тәлімгердің сүйемелдеуі және қолдауы. Бұл азаматтар үшін өз ісін сенімді бастауға, кәсіпкерліктің негіздерін сапалы зерделеуге және тұрақты табыс көздерін алуға бірегей мүмкіндік.

Жобаны іске асырудың барлық кезеңі БАҚ бетінде және tabysty.otbasy инстаграм парақшасында жарияланады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар