Freedom Inside '26

Сирияға кетпек болған: Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Сирияға кетпек болған: Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент қаласында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды. Ол - Түркістан облысының тұрғыны, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметіне сүйенсек, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.



"Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.