Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Вьетнамға баратын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вьетнамда туристер үшін жаңа онлайн жүйе іске қосылды. Енді шетел азаматтары елге ұшып бармай тұрып, өз мәліметтерін алдын ала интернет арқылы жібере алады. Бұл әуежайдағы тексеруден жылдам өтіп, ұзын-сонар кезекте тұрмауға көмектеседі.
Қазір жүйе Хошимин қаласындағы Таншоннят әуежайында жұмыс істеп тұр. Кейін ол Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок әуежайларында да енгізіледі.
Маңыздысы, бұл жүйе виза орнына жүрмейді және оны пайдалану міндетті емес. Ол тек елге кіру рәсімін жеңілдетуге арналған.
Вьетнам билігі туристерге мәліметтерді тек ресми сайт арқылы толтыруды және алаяқтардың жалған сайттарынан сақ болуға ескертті.